Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультеті физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы наурыз айының 27 жұлдызында 1-курс РhD докторанттарының педагогикалық практика аясында және Тұрақты даму мақсатының 4-пункті бойынша (ЦУР) кафедра оқытушылары, 1-курс докторанттар, студенттердің ұйымдастыруымен Алматы қаласының ЖОО студенттері арасындағы IV ұлттық “League of chemists” интеллектуалды ойыны өтті.
Интеллектуалды ойынға Алматы қаласындағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған: Ideal (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Осмий (Абай атындағы ҚазҰПУ), H2O (Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ), The teachers (СДУ), Монооксид Дигидрогена (Satbayev University), Катализаторлар квартеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Кристальные умы (КБТУ) атты жеті команда бақ сынасты. “League of chemists” интеллектуалды ойынының негізгі мақсаты студенттер арасында достықты нығайту, білімді жастарды насихаттау, оларға қолдау көрсету және студенттердің ғылыми потенциалын арттыру болып табылады. Сайыс төрт турдан тұрды: таныстыру, блиц-тур, практикалық тапсырма, қара жәшік. Әр турдың өз ерекшеліктері болды. Студенттердің ойынға белсенді қатысуы олардың химияны оқуға деген қызығушылықтары мен ынталарын көрсетеді.
Іс-шара барысында студенттер химия пәні бойынша білім деңгейлерін арттырып қана қоймай, өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін, бәсекеге қабілеттіліктерін көрсете білді. олар ақшалай сыйлықтармен, сертификаттар және дипломдармен марапатталды. Командаларды ұйымдастырушы оқытушыларға алғыс хаттар берілді. Аталған осындай іс-шара студенттерге жақсы мотивация беріп, білімдерін шыңдау және командамен жұмыс жасау секілді маңызды дағдыларды қалыптастыратынын сөзсіз.
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының доцент м.а.,PhD Усипбекова Е.Ж.