Бензин бағасы неге қымбаттады?

(0 Votes)

Қаңтарда жылдық инфляция 5,6% құрады.

Азғантай өсім реттелетін қызметтер мен бензин бағасы тарапынан көрсетілген қысымның салдары болды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

“Азық-түліктік емес жылдық инфляция 5,2% құрады (өткен айда 5% болған). Бұл акциздердің артуына байланысты бензиннің қымбаттауы есебінен болды. Көлік қызметтері және электр қуаты бағасының өсімі ақылы қызметтер инфляциясының ұлғаюына ықпал етті (инфляция 2019 жылдың желтоқсанындағы 0,7%-тен 1,4%-ке дейін артты)”, – деді ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Ал азық-түліктік инфляция қаңтарда баяулады. Бұған жеміс-жидек, көкөніс, ет, ет өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, жарма, балық, май бағасы өсімі қарқынының төмендеуі әсер етті. Осылайша, 2020 жылы азық-түліктік инфляция баяулай түседі деп болжанып отыр.

Дереккөз: “Спутник Қазақстан”

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521