Бейбіт күннің батыры

(3 Votes)

Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, отставкадағы полиция майоры Талғат Минажұлы Тащжанов мұз астына түсіп кеткен 16 жасар жасөспірімді құтқарып, өз өмірін қауіп-қатерге тікті. Сол күнгі оқиғаның қалай өрбігенін бейбіт күннің батырының өзіне хабарласып сұраған едік.

– Ақпан айының соңғы күні әдеттегіше Шарон өзеніне бардым. Мұз үстінде өзім сияқты 20 шақты әуесқой балық аулаушы болды. Бір кезде «Құтқарыңдар» деген дауыс естілді. Жалт бұрылып қарасам, 100 метрдей жерде жұқа мұз ойылып кеткенін көзім шалды. Сыртымдағы күртешені шешіп, дереу оқиға орнына жүгіріп жеткенде, мұздан баланың басы көрініп тұрды. Оған «қорықпа» деп айқайлап, құтқаратынымды айтып, сабырға шақырдым. Сол сәтте бізге көршім Серік Разиденов ағам көмекке келді. Ол менің аяғымнан тартып, бізді сүйреп, абырой болғанда баланы дін-аман құтқарып қалдық. Бәлкім ол жерде көршім маған қол ұшын созбаса,  екеумізде суға батып кетер ме едік, кім білсін?! Менің бар ойым әлгі жасөспірімді ажалдан арашалап, аман-есен отбасымен қауыштыру болды. Сондықтан, ол сәтте қорқынышқа бой алдырауға уақыт болмады.  Мұз беті су болған соң, қатты тоңып, денеме суық өтіп ауырып қалдым. Бірақ, мен адам өмірін сақтап қалғаныма қуаныштымын. Өзімді батыр деп санайтындай ерлік жасадым деп есептемеймін. Менің орнымда өзге адамдар болса да, осылай әрекет ететініне күмәнім жоқ, - дейді кейіпкеріміз.    

Талғат Минажұлы ұзақ жылдар аудандық полиция бөліміне қарасты күзет бөлімін басқарған. Қызметінде абыройға бөленіп, зейнеткерлікке шыққан. Міне, саланың майталман ардагерінің ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс.    

А.Шакупова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521