Бастауыш сынып оқулықтары миды ашытады

Рейтинг: 0 / 5

Біздің мектептен кеткенімізге 47 жыл болыпты, яғни ұстаз болмағанымызға сонша уақыт өтіпті.

Сол кезде біздер сабақ жоспарын жасап, оны қайта қарап түзеп, содан кейін оқу ісінің меңгерушісіне алып барып, бекітетін едік. Ал, қазіргі бағдарламаларға сәйкес мұғалім жоспарын жасамаса да болады дейді немесе электронды нұсқамен шектеледі. Бұл түсініксіз. Немесе мұғалім сабаққа келіп жаңа тақырыпты өзі түсіндірмей, бір топ бала келесі топқа түсіндіруі керек екен. Сонда мұғалім немен шұғылданады? Өзі білмейтін бала басқа балаға қалай жаңа тақырыпты түсіндіреді? Осындай бағдарламаларды кім қалай ойлап табады? Тексеруші орындар бұларды бақылауға алмай ма?

3-6 сыныптарда «дүниетану», «өзін өзі тану» деген пәндер бар. Немерелерім менен бір тақырыпты түсінбедік, түсіндіріп жіберші,-дегенде мен сол тақырыптарды оқысам шыны керек, 2-3 рет оқығанда шамалап әзер түсінемін. Ал, мен жоғары білімді тіл маманымын. Және қалай оқығанымызды жоғарыда жаздым. Сонда 3, 6 сыныпта оқитын балалар аталған тақырыпты қалай түсінеді дейсіздер. Олардың сөздері өте ауыр, сөйлемдері шұбатылған, мазмұны түсініксіз екені айдан анық көрініп тұр. Одан басқа әріп қатесі бір бөлек. Мазмұндағы қате-тағы бір төбе. Бір оқулықта арқар мен тау текені «жыртқыш аңдар» деп қарап тұр. Мұны оқыған балалар солай деп түсініп, өзгеге де солай үғындырары бесенеден белгілі. Оқушы білімін бағалау да тиісті деңгейде деп айту қиын. Осыларды ойлағанда үнжұрғаң түсіп, еңсең төмендеп сала береді. Сондықтан, алға қарай жоғарыда айтылған мәселелер оң шешімін тапса деймін.

А.Ғұмаров

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика