Баспасөзге заманауи талаптар тұрғысынан қарау керек

(2 Votes)

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің ұйымдастыруымен Құрманғазы ауданында мерзімді баспасөзге жазылу, ақпарат саласында заманауи технологияларды қолдану, қазіргі күнгі БАҚ-тың негізгі бағыттары мен алда тұрған міндеттері жөнінде аудан әкімдігінде кездесу өтті.

Оған «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев, облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің бас редакторлары Назарбек Қосшиев, Нәсіп Шалабаева, «Серпер» газетінің қызметкерлері, кейбір бөлім басшылары, округ әкімдері қатысты. Кездесуді аудан әкімі Қайрат Талапұлы ашып, аудандық басылымның 90 жылдық торқалы тойы өткеніне тоқталып, «Серпердің» аудан қоғамдық өміріндегі маңызына жоғары баға берді. Сонымен қатар шалғай жатқан Азғыр өңірімен байланысты жолға қою үшін бюджет қаржысы есебінен «Қазпошта» АҚ аудандық филиалына екі автокөлік алып берілгенін қаперге берді.

baspasz-zhinalysy-2

baspasz-zhinalysy1

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Ысқақ Дүйсембайұлы бүгінгі күні ақпаратты 8 түрлі сапамен бағалап беру маңызды екенін атап көрсетіп, аз қамтылған отбасылары мен зейнеткерлерге жеңілдік туғызу мақсатымен балама жазылуды қолға алу жөнінде сөз қозғап, алға қарай онлайн жазылуды жолға қойғалы отырғандарынан хабардар етті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Хисметоллақызы газеттің тыныс-тіршілігі жайлы тартымды әңгімелеп, аудан жаңалықтарын өздеріне жиі жіберіп тұруды ұсынды. Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров облыстық орыс тілді басылымда ауданның жаңалықтары да жиі көрініс тапса деген пікірін айтты. Кездесуге қатысушылар тарапынан екі облыстық газеттің де аудан көлемінде штаттан тыс тілшілері болса деген ұсыныс қолдау тапты. Шараны аудан әкімі Қайрат Нұртаев қорытындылап, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

baspasz-zhinalysy

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521