Балықтардың шоғырлануының басты себебі - көпір құрылысы (+Видео)

(0 Votes)

Көптеген әлеуметтік желілер парақшаларынан Құрманғазы ауданындағы Шарон өзенінде топталып жүрген балықтар бейнеленген кадрларды көруге болады.

Қаракөз (вобла) балықтарының орасан шоғырын өзенннің ортасынан ғана емес, жағалауларынан да байқауға болады. Оларды ұстап алуға еш машақаттанудың да қажеті жоқ, қолыңды тоссаң уысыңа өздері түсетіндей. Желі қолданушылары табиғаттың осы бір тылсымына түсінбей әлек, уылдырық шашуға шыққан балықтардың бұл бейғамдығы түптің түбінде қырылуына әкеліп соқтырмай ма деп сауалдарын да жолдауда.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Құрманғазы инспекциясының басшысы Нұрболат Қаратекеев бұл жағдайды төмендегіше түсіндіреді.

– Бұл жылда қайталанатын қалыпты жағдай, теңізден Шарон өзеніне уылдырық шашуға кірген балықтар осылай топталып жүреді. Қазіргі уақытта Атырау-Астрахан тас жолының құрылысы жүріп жатқандығына байланысты өзеннен өтетін көпір құрылыстары салыну үстінде. Көпір түсетін тұстың екі жағына уақытша топырақтар төгіліп, арна едәуір жіңішкерді. Соған сай балықтың жүруінде осындай кідірістер туындауда, бұл уақытша жағдай, балық біртіндеп жоғарыға қарай өтеді. Ешқайсысы қайраңда қалып, қырылуына жол берілмейді, бәрін бақылауда ұстап отырмыз,-деді.

{ytvideo https://youtu.be/dOgbptll_1A|16:9}

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521