Балық шаруашылығы – бизнестің тұрақты көзі

(0 Votes)

«Каспий таңы» өндірістік кооперативі–өңіріміздегі балық аулау және өңдеумен айналысатын іргелі кәсіпорын.

Кезінде Одаққа танылған «Путь к коммунизму» ұжымшары ізінде құрылған шаруашылықты жиырма жылдан астам белгілі өндіріс басшысы Бақытжан Теміров басқарды. Кейінгі құрылымдық өзгерістерге сай кооперативке Тимур Өтепбергенұлы Бисенов пен Алтынбек Жанболатұлы Хамит жетекшілік жасап келеді

Табиғат пайдаланушы еңбек ұжымы өзіне бекітіліп берілген Каспий теңізі жағалауы мен Мальцев учаскесінен лимит бойынша балық аулауды ұйымдастырады. 2022 жылы бұл мақсатқа 36 балық аулау бригадасын жасақтап, қажетті құрал-саймандармен жабдықтап, айдын төріне шығарды.

Кооперативтің Мереке Ниғметов, Жеңісбек Сұлтанов, Мирас Мұратов, Серік Молдашев, Ерсайын Айтимов, Ербол Тұрақпаев, Өмірбек Қуандықов сынды кәнігі балықшылары тор, қабада сияқты аулау құралдарымен маусымдық жұмыстарда аянбай тер төгіп, ортақ қоржынға балық-байлықты құя білді. Жаз айларында шабақ құтқару, қыстың аязды кездерінде қалың мұздың астынан балықтың тұншығуының алдын алды. Кооператив балықшыларының еселі еңбегі арқасында 2022 жылдың 10 айында 603 тонна балық ауланды. Тұздалатын, мұздатылатын, салқындатылатын өңдеу цехтарында балықтан шығарылған өнім кідіріссіз тұтынушысына жол тартып, алыс-жақын шетелдерге шығарылды. Осылайша, балық шаруашылығын бизнестің тұрақты көзіне айналдырып, аудан экономикасын арттыруға, ауылдастың тұрмыс сапасын жақсартуға өз үлестерін қосты. «Шығыс болмай, кіріс болмас» дегенді жете ұғынған, балық арқылы несібесін айырып отырған ұжым өз міндеттемелеріне өте сергек қарайды. Балық аулағаны үшін табиғатты пайдалану қорына 12 миллион 901 мың теңге төлемақы аударды. Бекіре балық зауытының шабақ өсіру жұмыстарына 2 миллион 200 мың теңге, балықтың өсіп-өнуіне және қорларын анықтау үшін ғылыми жұмыстарға 500 мың теңге қаржы жұмсалды.

Сонымен бірге, шаруашылықтың балық қабылдау, өңдеу цехтарының күрделі жөндеуіне, басқа да өндіріске қажетті мақсаттарға қаражат бөлінді. Балықшылармен, цех жұмысшыларымен уақтылы есеп айырысып отырады. Олардан еңбекақы жөнінде арыз-шағымдар болған емес. Бұл күнде ел экономикасын алға сүйрейтін сала көп. Балық шаруашылығы да солардың бірі, аулауды тиімді ұйымдастыра білсе, бизнестің тұрақты көзі екені сөзсіз. Мұны «Каспий таңы» өндірістік кооперативі сияқты бірегей балықшы ұжым жақсы біледі. Қазіргі уақытта да күзгі күннің қарасып тұрғанын пайдаланып жылдық лимитті еңсеріп қалуға бар күштерін салуда.

Айбек НӘЖІМОВ

Соңғы жаңалықтар

Сайлау

ybory-2023-price

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика