Балық баптауды қажет етеді

(0 Votes)

Аудан экономикасының шешуші салаларының бірі – балық шаруашылығы.

«Мал баққанға бітеді» дегендей, балық та көз қырыңды салып баптап жүргеніңді қажет етеді. Қыс келгенде табиғат пайдаланушылар айдындарда мұздарды оюмен айналысып, су маржанының ауа жетпей тұншығуының алдын алады. Әсіресе, біздің өзен-көлдерде жүзетін алабұға, шортан, қойбалық секілді су маржандары оттегінің жетіспеушілігіне ең сезімтал болып келеді.

Бұл жұмыс «Каспий-Балық» өндірістік кооперативінде лайықты жалғасын тауып, табиғи байлығымыздың молаюына өз үлестерін қосуда. Кооператив жанынан құрылған бригада мүшелері ойықтарды күн сайын  «Песок», «Ягодка», «Бахыт», «Булгачный», «Жаркоса», «Новинск» учаскелерінен оюмен айналысады. Бригада басшысы жұмыстың сапалы атқарылуын үнемі бақылауда ұстайды. Түрлі қажетті құралдарды пайдаланған жігіттер мұз қатқаннан бері күні бүгінге дейін 18 үкі, 16 ойық ойып, бағалы балық-байлығымыздың су астында тұншығып қалмай еркін өсуіне тиімді жағдай туғызуда. Бұл уақытта мұздың қалыңдығы 15-20 см. аралығында болған. Ойықтарға байқаусызда адам, жан-жануар түсіп кетпеуі үшін бауланған қамыс орнатылып, айналасы қоршалып, сақтық белгілері де қойылды.

Аталған өндірістік кооператив мүшелері жаз кезінде шабақ құтқаруда да белсенділік көрсетуде. Шағын көлшіктерде бөлініп қалған мыңдаған-миллиондаған шабақтарды арнаға қосып, балық қорының көбеюіне атсалысып, табиғатқа жанашырлық танытумен келеді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521