Балыққа да бап керек

(0 Votes)

Қиғаш өзенінің бойын мекен еткен тұрғындардың негізгі кәсіп көзі-балық шаруашылығы. Балық- ел байлығы.

Құрманғазы ауданына қарасты өзен-көлдер-балық қорын молайту үшін аса тиімді аймақтардың бірі болып табылады. Жыл сайын өр суы келген кезде көптеген балық түрлері уылдырық шашу мақсатында біздің өзен-көлдерге кіреді. Алайда өр суы кері қайтқанда сол шабақтардың өсіп-өнуіне қауіп төнеді. Осыған орай балық шаруашылығымен айналысатын мекемелердің алдында жауапкершілік туындайды. «Е.Сәрсенбаев» шаруа қожалығы алдында жауапкершілігі жоғары істі ұйымдастыру міндеті де тұрғандықтан, ұжым белсене кірісуде. Шілденің шіліңгір ыстығында ұзақ уақыт күннің астында жүру, белшеден су кешіп,шелектеп шабақ жинау оңай емес. Бірақ бұл іске жыл сайын дағдыланған жауапкершілікті жете сезінген «Е.Сәрсенбаев» шаруа қожалығы. Қызметкерлері аянып калар емес. 2018 жылы шаруашылыққа бекітіліп берілген, «Қиғаш өзені Верхняя коса» учаскесіне 55000 дана шабақтары бөлініп қалған көлшіктерден аумен сүзіп алынып жіберілді және де Атырау бекіре өсіру зауытымен келісім шарт бойынша, бекіре тұқымдас 2000 дана балық шабақтары тапсырылды. Қыс мезгілінде балықтардың тұншығу қаупінің алдын алу іс-шаралары бағытындағы құтқару жұмыстары бойынша ойықтар (майналар) ойылды. Маусым сайын жағалаудағы қоқыстан, қамыс-жыңғылдары жұлынып тазалық жұмыстары жүргізіліп тұрады

Алдағы уақытта балық шабақтары мол құтқарылса, жағалауымыз тазаланып тұрса балығымыз көбейіп, балықшыларымыздың да табысы да молаятыны анық.

М.ДЖУМАГАЛИЕВ,

«Е.Сәрсенбаев» шаруа қожалығының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521