Балбөбектік бүлдіршіндер республикалық байқауда үздік деп танылды

(0 Votes)

Балабақша – тәрбие бастауы.

Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген ұрпақ, ендеше, жақсы тәрбие ең алдымен балабақшада басталады емес пе? Әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата-анасының тәрбиесімен қатар өнер-білімге баулитын балабақшада өсіп тәрбиеленетіні анық.

8

Қашықтан жұмыс істеу форматына көшкен балабақша тәрбиешілері жаңа әдісті де тез меңгеріп үлгерді. «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының «Почемучки» тобының онлайн түрінде өткен түрлі шаралары жоғары деңгейден көрінді. Атап айтсақ, олардың Жеңіс күніне орай дайындаған «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» бейнеролигі немесе балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» байқауында өз өнерлерін ортаға салған бүлдіршіндердің жұмысы республикалық деңгейде үздік деп бағаланды.

Алтынай Қайыржанова,

ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521