Балаларын алты жасында мектепке бермеген ата-аналарға айыппұл салына ма?

(0 Votes)

Балаларын алты жастан кейін мектепке берген ата-аналарға айыппұл салынбайды.

Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлады altaynews.kz.

«Бірінші сыныпқа келетін бала мектепке келген кезде оқып, жаза білуі керек деген заң жоқ. Бірініші сынып бағдарламасы оқу дағдылары жоқ балаларға арналған. Сондықтан олар бірінші сыныпта әріп танып, сандарды санап, оқуды үйренуге келеді. Бес жасар балаларға келетін болсақ, заң нормасы бар. Мен мемлекеттік қызметкер ретінде бұл нормадан аттап кетуге болады деп айта алмаймын. Сондықтан мектепке алты жастан барады. Бірақ ол ата-ананың өз шешімі. Алты жастан бастап келмеген балалардың ата-анасына айыппұл тағайындамаймыз», – деді министр.

BAQ.KZ

Фото: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521