Балалардың терезеден құлауы бойынша қайғылы жағдайларды болдырмау

(0 Votes)

Жылдан жылға зәулім үйлердің терезелерінен балалардың құлау саны көбеюде.

Әсіресе қалалық жерлерде балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себертерінің бірі –терезеден құлау оқиғалары. Балалар өздерінің білуге құмар болуы салдарынан осал болады. Бұл туралы әртүрлі алынған жарақаттардан балалардың қаза болу деңгейі куәландырады. Жыл сайын терезеден құлау салдарынан балалардың қаза болу жағдайлары тіркелуде. Барлық құлау жағдайларының басты себебі ол балалардың өз бетімен үй жихазының кез келген бұйымын демеуіш ретінде пайдаланып, терезенің алдына шығып, масаға қарсы торға сүйенгеннен, тормен қоса терезеден құлауы.

Құлау жағдайларының көбі, ата-анасының балаларды қарауысыз қалдырып, тәртіптеріне көңіл аудармаулары, терезені жабуды ұмытып кететін туған-туысқандарының ұмытшақтығы, терезелерде құлып тұтқаның немесе тосқауылдардың жоқтығы, өз бетімен терезенің алдына шығуға мүмкіндік беретін үй жиғаздарының дұрыс орналаспауы, терезенің жабықтығына елес беретін масаға қарсы торлардың болуы. Балар қазасының басты және айқындалған себептері ол ата-аналарының бейқамдығы және жауапсыздығы, ата-аналарының қарауысыз қалған балалардың абайсыздығы.

Терезеден құлауға жол бермеу үшін ата-аналар тарапынан өздерінің жас балаларна қатысты бақылауды күшейту қажет. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қарапайым ережелерді орындау, балаларды терезеден құлауға олардың өмірі мен денсаулықтарын сақтауға көмектесетінің еске саламыз.

Құрметті ата-аналар! Терезені ашық қалдырмаңыздар, терезеде тиісті қорғауышы жоқ болса масаға қарсы торды қолданбаңыздар, өйткені бала өз алдында кейбір кедергілерді көреді, оған еркін сүйенедіде, нәтижесінде тормен қоса құлауы мүмкін, өйткені ол бір жастағы баланың салмағына да есептелмеген, бала терезенің алдына шығып алмас үшін, үй жиғазың терезеге жақын қойманыз, баланы қараусыз қалдырмаңыздар, әсіресе терезе мен шыны есіктің жаңында ойнап отырғандарды; балаларға терезеге жақын орналасқан төсектін үстіне немесе басқа жиғазға секіруге рұқсат бермеңіздер. Аталған ережелерді сақтаған жағдайда бәледен аман болуға көмектеседі.

Ж.Абдуллаев,

Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521