“Білім” білім мен мәдениет дамыту қорының” ұйымдастыруымен, кітапхана қызметкерлерінің ынтасын, кітапхана беделін арттыру мақсатында өткен “Jana Kitaphana-2024” ІІІ Республикалық конкурсында Құрманғазы Аудандық Балалар Кітапханасы “Аудан орталығы” санаты бойынша “Гран-при” иегері атанды.
Екі кезеңнен сүрінбей өтіп, “Үздік кітапхана” қатарынан көріну аудан үшін үлкен мәртебе. Жеңістеріңіз құтты болсын, құрметті кітапхана қызметкерлері!