БҒМ: Ата-аналарға айыппұл салынады деген ақпарат - жалған

(0 Votes)

Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерінде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізілетіні және анықталған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі уақытта мектеп оқушылары көктемгі каникулда, педагогтар қашықтан жұмыс істеуде, мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жабылды. Балаларды жекеменшік дамыту орталықтарына жіберуге қатысты шешімді ата-анасы немесе заңды өкілдері қабылдайды. Қосымша сұрақтар бойынша Білім және ғылым министрлігінің Сall-орталығына: +7 (7172) 74-24-11 телефон нөмірі арқылы немесе облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармаларына хабарласуға болады" делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту заңда қарастырылған.

egemen.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21