Бөлімде жаңа басшы

(1 Vote)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев дербес бөлім басшыларымен болған жиында өзінің 2020 жылғы 26 наурыздағы 134-ө санды өкімі бойынша аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы болып тағайындалған Төлепов Нұрлыбек Бекетұлын таныстырды.

Аудан басшысы Н.Төлеповтің бұған дейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы қызметінде болғанын, бұл лауазымға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс нәтижесінде лайық деп танылған айтып өтіп, жаңа жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, қазіргі жағдайға байланысты бөлімге бірқатар жауапты міндеттер жүктеліп отырғанынан хабардар етіп, азық-түлік саудасымен айналысатын кәсіпкерлер арасында күнделікті сатылымынан басқа бір айлық тауар қорын жасақтау туралы түсінік жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

img_1182

img_1187

Жиын барысында аудан әкімі Қ.Нұртаев елдегі төтенше жағдайға байланысты білім бөліміне мектеп оқушыларын онлайн оқытуды ұйымдастыруды жеделдету, халыққа қызмет көрсету орталығына электрондық қызмет сервисін ұйымдастыру, ұжымдар мен мекемелерде қашықтықта жұмыс жасауға көшу, сақтық шараларын қамтамасыз ету, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу сияқты талаптарды қойды. Сонымен бірге, дербес бөлімдердің жоспарлы жұмыстарын да ексітпеу, су тасқынынан қорғану, көктемгі тазалық жұмыстарын атқару, басқа да кезек күттірмейтін мәселелерге көңіл бөліп отыруды міндеттеді.

А.НӘЖІМОВ

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21