Бүгінде мал өсіру мұң болды

(0 Votes)

Іс-сапарының басты мақсаты Азғыр өңіріндегі ветеринариялық зертхананы тезірек ашылуына ықпал ету екендігін айтқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев аудандағы малдәрігерлігі саласына қатысты қызметтердің де жай-күйімен танысты.

Қызмет бөлмелерін аралап, материалдық-техникалық жабдықталуына, автокөлік, басқа да қажеттілікпен қамтылуына көңіл бөлді. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасына тіркеу бойынша «Жасыл дәліз» жеңілдігінің тағы да бір айға ұзартылғанын айтып, бұл жұмыстарды пәрменді жүргізуді, малын тіркетуге құлықсыздарға әкімшілік шара қолдануды міндеттеді.

b81d7b13-40c4-4b84-a0a2-c5949f0f3ebe

Кезінде бірнеше миллиондап мемлекет қаражаты жұмсалып тұрғызылған, бірақ қабылданып, балансқа берілуі кешіктірілген мал молаларының қазіргі жағдайына да қанықты. Еш мекеме жауапкершілігіне алмаған нысанның қазіргі уақыттағы сыйқына алаңдаушылығын білдіріп, тұрғындар игілігі үшін тұрғызылғандықтанқабылдау процесі біржақты шешілгенге дейін ауыл әкімдері жауапты екендіктерін айтты.

Бұдан кейінгі аралау барысын егін өсірумен айналысатын «Сандуғаш» шаруа қожалығында болумен жалғастырды. Шаруашылық жетекшісі Асылбек Еділбаев жылыжайда өсірген қиярларын аудан тұрғындарына тиімді бағада ұсынып отырғанын, ал далалыққа егілген бақшалық өнімдер биылғы күн райына, анығын айтқанда түннің салқындығына орай пісуі сәл кешеуілдеп қалғанын жеткізді. Кейінгі 15-20 жылдың көлемінде егін шаруашылығымен тұрақты айналысып, нәпақа тауып отырған қожалықтың өкілі Жармұхамбетов Қадырбай ақсақал су тапшылығы, субсидия алудағы қиындықтарды қаперге берді. Бұдан соң облыстағы инвестициялық жобалардың бірі ретінде қолданысқа берілген жеке кәсіпкер Өтежан Дайыновтың мал сою кешеніне бас сұқты. Тәулігіне 750 тоннаға дейін ет шығаруға мүмкіндігі бар цехта 10 адам тұрақты жұмыс жасайды, өз ветеринар маманы, мал бордақылау алаңы бар. Дайындалған халал өнім аудан орталығындағы қожалықтың «Ет маркеті» дүкенінен сатылады.

08b50250-0d50-4336-b86c-3b9c21309a4a

Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаев ауданда жүріп жатқан шегіртке тұқымдастарына қарсы маусымдық күрес шаралары бойынша далалық жағдайда штаб отырысын өткізді. Облыстық аумақтық инспекцияның басшысы Арман Құмарғалиев өсімдік зиянкестерін жою мақсатында жоспарлы жерлерде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізу аяқталғанын, дейтұрғанмен күтпеген жағдайлар шығып қалмасын деген мақсатпен «Авиа-сила» ЖШС мамандарының  бір аптадай осында бола тұруға келісімін алғанын мәлімдеді.  Облыстық аумақтық инспекцияның  өсімдіктерді қорғау инспекторы Әбила Қазиева атқарылған жұмыстардан хабардар етті.

Осыған орай пікірін білдірген республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы аудандық филиалының басшысы Ғасырбек Айболатов бұл жұмыстар былтырғы тамыз айында алынған болжамның негізінде жүргізілгенін, алға қарай қамтылмай қалған теңізге дейінгі үлкен аймаққа мониторинг  жүргізу үшін қуатты дрон құрылғысы қажеттігін қаперге берді.

Шаруагерлердің жағдайымен танысу Мақаш ауылдық округінде болумен жалғасты. «Мақаш» өндірістік кооперативінің төрағасы Жеңіс Абулхаиров кезінде асыл тұқымды Еділбай қойын өсіретін үлкен шаруашылық болған құрылым бүгінде ықшамдалып, бас-аяғы 5-6 отар қалдырып, меншігіндегі жердің көп бөлігін мемлекетке кері өткізгенін қеперге берді. Мұны қой бағатын адамның жоқтығымен, жалпы ұжымдық бағытта шаруа жүргізудің ауылдастың ынтасы жоқтығымен түсіндірді.

Қазақтың ақбас сиырын өсірумен айналысатын «Е.Құбашев» шаруа қожалығының жетекшісі Есболат Құбашев кейінгі уақытта жердің қуаңдануы, судың жоқтығы, маса-сонаның көбеюі себепті биылдан бастап қолдағы бар малын ресейлік әскерилерге тиесілі көршілес Жанқала ауданының «24 объезд» жағына қарай шығарғанын, жер иелерімен келісіп қыстап шығу ойда барын мәлімдеді. Шаруашылықта қазіргі уақытта 255 бас асыл тұқымды, 350-дің үстінде тауарлы сиыр өсіріледі. Қожалық иесі Семен Жалғас та қой малын қыр өңіріндегі жайлаулықта ұстап отырғанын айтты. Шаруагерлермен сөйлесу барысында облыстан келген басшы мал өсіру сияқты бір бағытпен шектеліп қалмай егін егумен, мал азықтық жоңышқа өсірумен айналысуды ұсыныс етті.

b765f93f-a4ca-45cd-9792-1f98b3396d8f

Аралаудың соңы аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдары басшылары, шаруа қожалығы жетекшілері қатысқан жиынмен қорытындыланды.  Онда «Құрманғазы СДО» ӨК төрағасы Бержан Кенжебаев, «Ақжонас» ЖШС төрағасы Мұқар Шаяхметов, шаруа қожалығы иелері Оразғали Алғаязов, Тілекқабыл Қарамалаев, Тойдық Ізбанова мал молаларының жағдайы, субсидия, залог мәселесі, жүн-тері қабылдауды ұйымдастыру сияқты сауалдарын қойды. Сұрақтарға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев, аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах жауаптарын беріп өтті.

Материалдарды дайындаған Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521