Азық-түліктен басқа кәсіпкерлік нысандардың қызметі тоқтады

(0 Votes)

Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы Карл Отаров, АПБ учаскелік полиция инспекторлары, Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мейіржан Есімбаевтың 29 наурыз 2020 жылғы №8 қаулысына сәйкес аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандардың жұмысын тоқтату жөнінде түсіндіру шараларын жүргізді.

Құрманғазы ауылындағы жиһаз, құрылыс материалдарын, киім сататын дүкендер, сауда орталықтары, автокөлік салондары, техникалық қызмет көрсету, ұялы байланыс орындары, автобөлшек базарлары, ломбардтар, фотосалондар, көлік жуу орталықтары, сұлулық салондары 15 сәуірге дейін уақытша жабылды. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов кәсіп иелеріне қаулының бір данасын ұсынып, қолдарын қойдырып алды.

i

i

– Атырау қаласына карантин енгізілуіне орай облыс аумағында да шектеулердің ауқымы кеңейе түсуде. Мұндай қадамға барудың себебін өздеріңіз де жақсы түсініп отырсыздар. Мақсатымыз – індетті болдырмау үшін қарым-қатынасты азайтуға барынша күш салу. Одан құтылудың да бірден-бір жолы да осы. Осыған орай, өз қызметтеріңізді уақытша тоқтатасыздар, - деді.

img_9280

i

«Гелиос», «SINOOL», «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май бекеттеріне бас сұққан лауазымды өкілдер төтенше жағдай талаптарының сақталуымен танысты. Үшеуінің де дезинфекциялық құралдары көңіл көншітпейді. Барлығында да антисептик жоқ болып шықты. «Гелиоста» кіре берістің тұтқаларына оралған марлілер түсіп жатыр. Оларға екі сағат сайын сұйықтықпен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеген. Қаулымен таныстырған көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы Карл Отаровғимараттың ішіне кезекке тек 2-3 адамды кіргізуді, оларды тек медициналық бетперделерде қабылдауды, әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық жұмыстарды жасауды ескертті. «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май бекеті келушілерді ғимараттың ішіне кіргізбей, терезе арқылы қабылдап, жақсы үрдісті қолға алыпты. Мұнда да дезинфекциялық құралдар мүлдем жоқ. Барлығына да қатаң ескертумен шектелген лауазымды өкілдер келесіде әкімшілік айыппұлға ілігетіндерін қаперге берді.

i

i

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521