Азық-түлік сатушылармен кездесті

Рейтинг: 0 / 5

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы «Серпер» базарында, жеке кәсіпкер Мерғали Ғабдушевтің автотұрағында болып азық-түлік тауарларын сатушылармен, көтерме сауда орындарын ұстап отырған кәсіпкерлермен, жолаушы тасымалымен айналысып жүрген таксистермен кездесті.

Егін, азық-түлік өнімдерін сатып тұрған сатушылар аудан басшысымен әңгімесінде бағаны көп көтермегендерін, кейбірі барып-келу шығынын да қосып отырмағандарын жеткізді. Дегенмен азық-түлік өнімдерін тасу қымбатқа шығуда. Айтуларынша «Газельдер» оларды жеткізу үшін 50-60 мың теңге сұрайды.

img_1109

Аудан басшысын көрген тұтынушылар кейбір округтерде де баға көтеріліп кеткеніне шағымданды. Олармен әңгімесінде аудан әкімі Қайрат Талапұлы бұл бағытта жұмыстар жасалып жатқанын, округтерде де бағаны тым көтертпеуді қадағалай тапсырылғанын жеткізіп: – Азық-түлік тапшылығы орын алады деуге негіз жоқ. Халық осыны түсінгені жөн. Төтенше жағдай кезіндегі өтпелі қиындыққа сабырмен қарайық. Жерлестеріміздің де жағдайын ойлаңыздар. Сіздерге де оңай тиіп отырмағанын түсінеміз дегенмен бағаны тым көтеріп жібермеулеріңізді сұраймыз. Тасымалдау қымбатқа шығады десеңіздер 5-6 кәсіпкер бірігіп бізге шығыңыздар «Камаз» автокөлігін бөлейік. Осы базардан аз қамтылған отбасыларын қолдау мақсатында арнайы дүкен аштық. Оларға тамақ азық-түлік тізім бойынша беріледі, - деді.

i

Аралау барысында аудан әкімі Жандос Бектеміров баға көтеруге сылтау жоқтығын айтса, аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов кейбір саудагерлерге тауардың бағасы жазып қоюы қажеттігін ескертті.

img_1117

Көтерме сауда орындарының бірі Айдарәлиев Саматтың дүкенінде азық-түлік тауарлары жеткілікті. Есіктің ішкі және сыртқы жағында арнай киім киіп, маска таққан жігіттер халықты кезекпен кіргізіп жатыр. Кезекті тұрғандар тым көп емес. Саматтың айтуынша азық-түлік бір адамға шектеулі мөлшерде ғана беріледі. Бұл алыпсатарлар бәрін көтеріп әкетіп, тауар тапшылығын тудырмау мақсатындағы сақтық.

img_1135

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы дәріханаларға да кіріп антисептикалық заттардың қорын, бағасын білді. Базардағы дәріханаларда диохлордың бір таблеткасы 25 теңгеден сатылуда. Аудан әкімі Қ. Нұртаевтың бастауымен орынбасарлары Ж.Бектеміров, Ж.Хасанов, Ө.Тәжібаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Қалиев, Құрманғазы ауылдық округінің әкімі А.Муса, оларға ілескен газетіміздің қызметкері қайырымдылық ретінде өз қаражаттарына қажетті азық-түліктерді сатып алып, тарату үшін аз қамтылған отбасыларына арналған дүкенге табыс етті.

i

Бізді таң қалдырғаны халықтың тамақты молынан алып қалуға тырысуы. Төтенше жағдайда билік «Үйде отырыңыздар», десе, бұл сіздерді аштан қатырамыз дегенді білдірмесе керек. Мемлекет халықтан мұны талап етсе, олардың амандығы үшін қам жегені. Демек билік азық-түлік тапшылығына жол бермейді. Үйіңде отырсаң да дүкеннен керегіңді алуыңа болады. Сұраныс көбейсе сауда жүретіні бесенеден белгілі. Ол нарықтың жазылмаған заңы. Бәрін қаппен алып үйге тасысақ әрине баға көтеріледі. Керекті мөлшерде сауда жасамай тауардың құнын осылай қолдан көтерсек, ертең төтенше жағдай біткеннен кейін де ол солай қалады. Мұны талай басымыздан өткеріп жатырмыз ғой.

Қанат ҒҰМАРОВ

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика