Ажырасудың арты абыройға апармайды

(0 Votes)

Отбасын сақтау, құндылықтарын нығайту бағытында аудандық аналар кеңесінің жанынан «Өнегелі отбасы – елдің болашағы» тақырыбында  Ресурстық орталық құрылды.

Аудандық ардагерлер кеңесі үйінде орталықтың «Отбасы және ұрпақ – әлеуметтік әділеттілік» атты семинары өткізілді. Кіріспе сөз алған аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова орталықтың ережесімен, жоспарымен таныстырып, алда межеленген мақсаттармен бөлісті.

Орталық жетекшісі Ұлмекен Сапарова қоғамдағы ең өзекті мәселе – ажырасудың себеп-салдары жайында кеңінен ой қозғады. Мәліметінше,    өткен жылы ауданымызда 104 жұп ажырасуға өтініш білдірген, оның 75-і әйел адамдардың өтініші, нәтижесінде соттың шешімімен 51 жұп ажырасқан. Ағымдағы жылдың бастапқы үш айында 25 жұптан ажырасуға арыз түскен, сәйкесінше 15 жұптың некесі бұзылған. Аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Болат Бидуллаев кеңестің жүйелі жұмыстарына шолу жүргізіп, отбасындағы ер азаматтың рөліне ерекше тоқталды. Округтер бойынша некеге тұру деңгейіне талдамалы хабарлама жасаған аудандық АХАТ бөлімінің бас маманы Бауыржан Темірғалиев 2020 жылы 261, ал ағымдағы жылдың бастапқы үш айында 67 жұп шаңырақ көтергенін қаперледі.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Базаргүл Караева тұрмыстық қысымнан зардап шеккен әйел адамдар тарапынан өткен жылы 165, ағымдағы жылдың бастапқы үш айында 74 арыз жазылғанын айтты. Медиатор Сидеғалиева Жаннат ажырасудың алдын алу бағытында оздырылған іс-шараларды тізбектеді. Психолог маман Гүлмира Үмбетова жолы екіге бөлінген ерлі-зайыптылардың балаларына қандай психологиялық көмек көрсеткен дұрыс екенін нақты мысалдармен жеткізді. С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің басшысы Анар Мусина да тақырып аясында өз пікірін ортаға салып, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

akhat-azhyrasu

azhyrasu-turaly-zhinalys

Семинарды қорытындылаған аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова барша белсене қатысқан орталық мүшелерін Алғыс хатпен марапаттады.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT