banerkzbig

Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады

(0 Votes)

Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады.

Бұл туралы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық зерттеуге сәйкес, Қазақстан әлі күнге дейін волонтерлік қызмет деңгейі төмен елдер тобында тұр. Волонтерлік мәдениет, дәстүр, ынталандыру жеткілікті дамымаған. Есепке алу және ынталандыру жүйесі де дамымай отыр. Міне осының барлығын біз осы жылы шешіп, волонтерлікті жаңа деңгейге көтеруміз қажет», - деді министр.

Оның атап өтуінше, дәл осы проблемаларды шешу үшін республикалық волонтерлік фронт-кеңсе іске қосылып отыр.

«Яғни, Қазақстанның барлық азаматы келіп тіркеліп, волонтер бола алады. Бұған қоса, біз азаматтарымыздың барлық қажеттілігін осы жерге шоғырландырамыз. Бұл оларға көмектесе алуымыз үшін жасалады. Сондай-ақ 17 облыста өңірлік кеңсе ашамыз және мұның барлығы бірыңғай жүйемен жұмыс істейтін болады. Call-орталық жұмыс істейді», - деді Дәурен Абаев.

inform.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21