«Қазақстанның алтын мұрасы» Санкт-Петербургте

(0 Votes)

Өткен әзірде Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында «Қазақстанның алтын мұрасы» атты көрме өтті.

Ресей Этнографиялық музейінің төрінен орын алған Атырау өңірінен табылған Сармат көсемі, музей қорындағы сармат кезеңіне жатқызылатын тарихи құндылықтар екі апта бойы ресейліктердің назарына ұсынылды. Көрмеге түп тамырымыздың тектілігін айқындайтын музейдің құнды жәдігері – Аралтөбеден табылған Сармат көсемінің мүсіні, құнды мұралары – алтын жапсырмалар, қыш ыдыстар, жебе ұштары, моншақтар, қола айналар, құмыралар және басқа да бірегей артефактілер, барлығы 600-ге тарта жәдігер қойылды.

Алтын адамның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме жоғары деңгейде өтті десек те болады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрермендер Қазақстан туралы көптеген мағұлматтарға қанығып, өздерінің алған әсерін альбомға қолтаңба ретінде енгізді. «Көрме Петербург жұртшылығының үлкен қызығушылығын тудырды және оны экспонаттау кезінде 28 000 көрермен тамашалады. Бұл көрме біздің ұзақ мерзімдік қайырымды серіктестік қарым-қатынасымызда алғашқы «Қарлығашқа» айналды деп үміттенемін»- деп Ресей Этнографиялық музейінің директоры В.М.Гурсман алғысын білдірді.

n9rlan-sady0ov

Санкт-Петербург тарихи нысандарымен ерекшеленген әсем қала. Мұнда музейдің 300-ге жуық түрі орын тепкен. Көрмені ұйымдастыруға арналған арнайы сапарымызда «Дворцовый площадь» деген жерде орналасқан Қысқы сарайға бардық. Аталған алаңнан керемет архитектура өнерінің үлгісін көруге болады. Мысалы, сарайдың өзі барокко стилінде салынса, гвардиялық корпустың бас ғимараты классикалық стильмен жасалған.

Бүгінгі таңда ол Эрмитаж деп аталады және онда 700 мыңға жуық өнер туындысы сақталған. Одан соң аңыз болған кеме «Октябрь Революциясы» және «Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған «Аврора» крейсеріне бардық. «Аврора» - Ресейдегі Қазан төңкерісіне белсене қатысқан Балтық флотының крейсері. Қазіргі таңда бұл кеме музей ретінде сақталып отыр.

Балтық теңізі жағасында орналасқан Санкт-Петербург қаласы «Солтүстік Венеция» деп те аталады. Мұнда 300-ден астам көпірге қосылған аралдар бар. Өзендер және аралдардың қаласы оны шын мәнінде көпір мұражайына айналдырды. 12 жылжымалы көпірдің бірі, Володарский көпірін түнгі сағат 2:00 де тамашалауға барып, оның ашылып, жабылған сәтіне куә болдық. Ол Нева өзені арқылы өтетін бірінші темір жол көпірі және Кеңес үкіметі кезінде салынған ажырасу өткелі болып табылады. Қаланың ғажайып сәулеті мен танымал музейлерін тамашалау үшін бүкіл әлемнен туристердің көп келетінін өз көзімізбен көрдік. Рухани әсер сыйлаған бұл сапарамыз алға қарай да жалғасын табады деп сенеміз.

Нұрлан Садықов,

Құрманғазы аудандық музейінің экскурсоводы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521