Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өтініш қабылдау басталды

Рейтинг: 0 / 5

Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өтініш қабылдау басталды. Өтініштер 100esim.el.kz сайтында қабылданады.

Жоба мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау. Әр қоғамдық ұйым, бірлестік ерекше тарихы мен кәсіби жетістіктері бар үміткерлерін ұсына алады.

Үміткерлер төмендегі талаптар бойынша қаралады:

– үміткердің кәмелет жасқа толған болуы (18);

– қызмет саласында елдің жағымды имиджін қалыптастыруға үлес қосқан айрықша жетістіктерінің, қатысушы имиджін дамытуға ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің болуы;

– үлгі алуға лайық, жастарды патриоттық және туған жерге адалдық рухында тәрбиелеуге, еңбек культін қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық-саяси және еңбек қызметінің болуы;

– қазіргі Қазақстанның дамуына қосқан нақты үлесінің болуы;

– қазіргі Қазақстанның, оның табыстары мен түрлі саладағы жетістіктерінің жарқын үлгісі бола алатын тұлға болуы маңызды.

Аталған талаптарға сай кез-келген қазақстандық өз өтінішін 100esim.el.kz сайтында қалдыра алады. Өтініштер қазан айының ортасына дейін қабылданады. Айта кетейік, былтыр «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарына Атырау облысынан сал ауруына шалдыққан балалаларды сауықтырумен айналысатын «Атырау. Шағын мемлекет» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлан Күмісқалиев пен кәсіпкер Әсемгүл Оразаева енген болатын.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика