Қазақстан аудандары арасындағы алғашқы кинотеатр Индер ауданында ашылды

Рейтинг: 0 / 5

"INDERBOR CINEMA". Осындай атаумен ауданда тұңғыш рет 3D форматтағы кинотеатр ашылды - деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жастар жылы аясында қолға алынған бұл шара - Индер ауданы әкімдігі мен "Меломан" компаниясының бірлескен жобасы болып табылады. "Жастар орталығы" ғимаратында орналасқан кинотеатрдың сыйымдылығы 200 адам. Бастысы, 3D форматтағы заманауи, лазерлі экран сапалы құрылғылармен жасақталған.

a3a757f5-dfe8-4ef8-91ae-8909d55363e4

Аудан әкімі Мейірім Қалауи сөз кезегінде ауыл жастарының болашағы үшін атқарылып жатқан істерді тілге тиек етіп, жиналған жұртшылыққа ақжарма тілегін жолдады.

inder1

- Елбасы мен Мемлекет басшысының мемлекеттік саясатына сәйкес ел азаматтарының қолайлы, жайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасалу қажет. Ауыл тұрғындарына арналған аудан орталығында алғашқы кинотеатрдың ашылуы осы саясаттың нәтижесі. Бұл игі істерге бастамашыл болып, бар мүмкіндік туғызғаны үшін облыс әкімі Нұрлан Асқарұлына ерекше алғысымызды білдіреміз - деді, аудан әкімі Мейірім Қалауи.

inder2

Кинотеатрдың ашылуына ауыл жастары ғана емес, ауданның басқада тұрғындары қуануда. Жиналған аудан халқы тұсаукесер рәсімінен соң, кинотеатрдың алғашқы көрсетілімі Ақан Сатаевтың "Томирис" кинофильмін тамашалады.

Енді, олар алдағы уақытта республиканың барлық аймағында көрсетілетін танымал фильмдерді облыс орталықтарындағы кинотеатрлармен қатар көре алады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика