Азғырға тегін азық-түлік жеткізілді (+ВИДЕО)

(1 Vote)

Төтенше жағдайда халықтың аз қамтылған, көп балалы отбасыларын қолдау мақсатында үш жүз шақырымның үстінде шалғайда жатқан Азғыр өңіріндегі Асан, Сүйіндік, Азғыр ауылдық округтеріне аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен екі үлкен көлікпен тегін азық-түлік жеткізілді.

Аталған азық-түлікті алуға өз қаражаттарымен демеушілік жасаған облыстық мәслихаттың депутаттары Оразғали Қаршегенов (800 мың теңге), Сабыржан Сұлтанов (200 мың), "Амангеді" ӨК  1 млн 200 мың теңгенің балығымен көмектесті.

img_1422

Қыр өңіріне көктем келіп, жасыл түске орана бастапты. Боз төбелердің арасын кезген малдың аузы көкке тиген. Биыл қыстың жайлы болуы себепті қораға қамалмаған төрт түліктің қоңды екені бірден көрініп тұр. Жол бойы топтасып өзара жарысқан бұзулар, бұйра жүнді қошақандар, анасына еркелеген құлындар жиі ұшырасты. Мұның өзі Азғыр бойында малмен отырған халықтың игілігі арта түскенінің көрінісі. Бірнеше күн бойы соққан жел онсыз да құмнан арылмайтын қырдың соқпа жолының біраз жерін топырақпен көміп үлгеріпті. Құрамында жол талғамайтын «Урал» мен «Маз» жүк көліктері бар азық-түлік керуені Асан ауылдық округіне ат басын тіреді.

i

Бұл автокөліктердің алдыңғысына үш тонна халыққа бірінші кезекте қажетті азық-түліктер, екіншісіне 78 қап сазан тиелген болатын. Округ әкімі Гүлім Қабдражитова тегін азық-түлік үлестірілетін аз қамтылған, көп балалы отбасыларының тізімін жасап, мектеп алдына жинап, жүкті түсіретін адамдарын да әзірлеп күтіп отыр екен. Азық-түлікті жеткізген аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров пен аудандық кәсіпкерлік және туриз бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов жергілікті тұрғындармен дидарласып, жағдайларын білді. Ауыл тұрғындарынан карантинге қарамастан өзге жақтардан келіп мал алып жүргендер барын естіп, оларға тиісті шаралар алынатынын жеткізді.

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521