Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

(0 Votes)

40% натрий және 60% хлордан тұратын ас тұзы ретінде белгілі натрий хлориді, ежелден тамақта шіріткіш бактериялардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар туындырмауда және оның дәмін келтіруде пайдаланылады.

Сонымен қатар, оның негізгі құраушысы – натрий ағзада суды ұстап, ішкі және жасушааралық сұйықтықтар арасындағы дұрыс тепе – теңдігін сақтайды. Алайда, қан ағымында оның мөлшерінің жоғары болуы қан қысымының артуына алып келеді және де ескере кететін жағдай, тұз кез – келген тамақ құрамында болады.

Алайда, өндірушілер көп жағдайда қолданылған тұз мөлшерін көрсетпейді. Сондықтан күніне қанша көлемде тұз қолданатынымыз белгісіз. Соған орай, күнделікті тұрмыста пайдаланылатын май құрамындағы натрий хлориді мөлшері(https://www.kaznu.kz) зерттелді.

Жүргізілген титрлеу жұмыстары нәтижесінде натрий хлориді май құрамында мемлекеттік стандартта (1,5 % төмен болуы шарт) көрсетілген мөлшерде екендігі анықталды.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, ішетін асыңыздың құрамын қадағалауды да ұмытпаңыз!!!

Б.С.Бәкірова,

физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының аға оқытушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521