Ауылішілік жол салынса...

(0 Votes)

Дыңғызыл ауылдық округінің әкімі Оралбай Азимов былтырғы атқарған жұмыстарын алдыңғы жылмен салыстыра сипаттады.

Ерекше атауға тұрарлықтары десек, "Жыланды-Жасталап" тас жолы аяқталды. "Айжан" балабақшасы күрделі жөндеуден өткен Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектеп жанындағы жатақханаға ауыстырылды. Жыланды ауылындағы үш көшеге жарық шамдары орналастырылды. Ғ.Әліпов ауылындағы 80 орындық мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Мал, құс өсіру бағытында "Жас проджект" бағдарламасымен 2 жас грант алып, шаруашылықтарын жандандыруда.

Округке қарасты "Құрманғазы" атындағы өндірістік кооперативтен былтыр 5803 төл алынды. 828 мал басы сойылып, 271 центнер ет өндірілсе, 119 центнер қой, 11 центнер түйе жүндері алынған. Сонымен қатар, Ақкөл-Ғ.Әліпов-Жыланды-Қиғаш автомобиль жолдарының құрылысын бастау, көшені жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру, Жыланды-Шортанбай елді мекендері арасындағы Шарон өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің сараптамалық құжатын жасақтау, ауылішілік жол салуға қаражат көзін қарастыру сынды ауқымды істер аудан әкімдігімен бірлескен түрде атқарылатын болады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521