Сафон ауылдық округінде өтіп жатқан ауыл әкімін сайлау науқанына тұрғындар белсене қатысуда.
Дауыс берушілер арасында ауылдың ең жасы үлкен азаматы – 90 жастағы қария Сұңғат Тұржанов та бар.
– Ауылымның болашағына бей-жай қарай алмаймын. Әкім халықпен етене араласып, елдің мүддесін қорғайтын адам болуы керек. Осыған сеніп, сайлауға келіп, өз таңдауымды жасадым. Бұл – әр азаматтың борышы деп білемін, – дейді ардагер. Сайлау учаскесінде дауыс беру тәртіпке сай өтіп жатыр. Учаскелік сайлау комиссиясы тұрғындардың белсенділігі жоғары екенін атап өтуде.
Әділет ҚАНАТҰЛЫ