Ауласында есірткі өсімдігін өсірген құрманғазылық тұрғын ұсталды

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық Полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесі мен Экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ауласында есірткі өсірген тұрғынды анықтады.

Тәртіп сақшылары 1981ж.т., аудан  тұрғынының мекен-жайын тексеру кезінде ауласында өсіруге тыйым салынған, күтіп-бапталған есірткіге ұқсас өсімдіктерін тауып, тәркіледі.

Жүргізілген сараптама нәтижесінде 49 түп «сора» өсімдігі екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521