Қауіпсіздік мәселесі талқыланды

(0 Votes)

2019 жылдың қараша айының 15 күні Тараз қаласы №6 орта мектептің ғимаратынан тыс жерде орналасқан дәретханада бұрын зорлау үшін сотталған В.В.Валеев күш қолдану және қорқыту арқылы кәмелетке толмаған 7 сынып оқушысын зорлаған қылмысы қоғамда резонанс туғызып, елімізді шулатты.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың қараша айының 28 күні Құрманғазы ауылдық округінің орталығында орналасқан Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің акт залында мектеп директорларымен балабақша меңгерушілерінің қатысуымен қызметтік кездесу өткізілді.

 

Кездесу барысында, қатысушыларған орын алған келенсіз оқиғасы бойынша толық ақпараттар берілді. Барлық оқу орындарында, сондай-ақ оқу барысынан тыс бос уақытын өткізу уақытында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, бір қатар өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріліп, төмендегі ұсыныстар еңгізілді.

1.оқушылардың мектепте болуының қауіпсіздігі мәніне барлық оқу орындары инспекцияланып (бейнекамералармен қамтамасыз етілуі; оқу орындарының аумағына және ғимаратына кіру және шығуды бақылау; күзеттің болуы (лицензияланған күзет, күзетші, вахтер және т.б); дәретхананың ғимараттарда және көшелерде болуы).

2. Жергілікті атқарушы органдарға өңірлік Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге.

3. Премьер-Министрдің орынбасары Б.М. Сапарбаевтың тапсырмасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың алдында білім беру ұйымдарына бекітілген Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының лауазымдарын қосымша енгізу. ​​

4. Аудан бойынша барлық мектептер мен балабақшалар лицензияланған күзет қызметімен қамтамасыз ету.

Н.Кубашев,

Құрманғазы АПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521