«Қауіпсіз мектеп автобусы үшін»

(0 Votes)

2021 жылғы 19 -29 қаңтар аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінде «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» ұранымен Мектебімізде Республикалық онкүндік өтті.

Онкүндіктің мақсаты: Пандемия кезеңінде балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

«Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» ұранымен басталған іс шарамыздың он күнге арналған жұмыс жоспары жасалып ата-аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертпелер таратылды. Онкүндіктің жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушылары арасында сүрет байқауы өтсе, жол қозғалысы ережелері туралы парақшалар мен брошюралардың таратумен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтарын өткізілді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобусының жүргізушісімен нұсқамалар жүргізіп, сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобусы жүргізушінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану жөнінде мектеп инспекторы тарапынан түсінік жұмыстарын жүргізілді. 

Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы

орта мектебі Әлеуметтік педагог  А.Абугалиева

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521