Ауданымыздан алыста жүрген туған жер түлектері!

(0 Votes)

Енді бірнеше күндерден кейін (25 желтоқсанда) Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетіне жазылу аяқталады.

Аудан өмірінің күнделікті тыныс-тіршілігін, өңірімізде болып жатқан жаңалықтарды, жасалып жатқан жұмыстарды, халықтың шешімін күткен мәселелерін әр санында көтеріп, атқарушы билік пен халықтың арасында дәнекерге айналған, туған күндер мен қаделерден де уақытында хабар етіп отыратын жалғыз басылымбыз.

Ауылындағы жақсылықтармен сүйіншілеп, алғысын айтып, мұң-шерін жеткізген оқырман хаттары да газетімізден үнемі көрініс табады. Біздің шағын ұжым әрдайым өз оқырмандарына қалтқысыз қызмет көрсетіп, көңілдерінен шығуға қызметтеніп келеді. Алға қарай да сол үрдістен танбаймыз. Сіздердей оқырмандарымызбен мақтанамыз және сіздерге арқа сүйейміз.

Қадірменді оқырман! Жаңа жылда да сүйікті «Серперіңізбен» бірге болғыңыз келсе, жазылуға үлгермей қалып жүрмеңіз. Санаулы күндер қалғанын, оның ішінде мерекелер мен демалыстар барын ескерсек, асыққаныңыз жөн. Сонда біз келесі жылы да жағымды жаңалықтармен сізді қуантатын боламыз.

Құрметпен редакция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521