Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне басшы тағайындалды

(0 Votes)
Аудан әкімдігінің «Мемлекеттік мекемені қайта құру туралы» қаулысына сәйкес жаңадан құрылған - «Атырау облысы, Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына – Жоламанова Зияда Сәдуақасқызы тағайындалды, - деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Жоламанова Зияда Сәдуақасқызы 1963 жылы 28 ақпанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келген. Ұлты–қазақ. Білімі–жоғары.
 
1986 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищиесін және 1990 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педогогика мәдени институтын «Мәдени-ағарту жұмысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
 
Еңбек жолы:
 
1982 жылы туған ауылы Ойыл селосындағы «Шұғыла» кинотеатрында киномеханик болып бастаған.
 
1982-1986 жылдары автоклуб меңгерушісі, киномеханик;
 
1990-1993 жылдары Атырау облыстық ғылыми әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени ағарту жұмыстары бөлімінде мәдени-ағарту жұмысының ғылыми әдіскері, бөлім секторы;
 
1993-2001 жылдары Құрманғазы аудандық мәдениет үйінің директоры;
 
2001-2015 жылдары Құрманғазы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімдерінде бас маман;
 
2015 жылдан бастап Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT