Құрманғазы ауданына компьютерлік томография аппараты керек

(0 Votes)

Келгеннен бері қасымызда жүрген Құрманғазы аудандық ауруханасы Коронавирустық инфекция бөлімшесінің басшысы Нұрғиса Шолпановпен бірге ғимарат ішін аралап, ондағы құрал-жабдықтармен таныстық.

Іргедегі емханада мұндай құралдар жартылай автоматты болса, мұнда түгелдей автоматтандырылған. Емдеуге қажеттілердің бәрі бар. Індетке шалдыққандар қалай тексерілетінін, анықталатынын түсіндіріп өткен Нұрғиса Қайратұлына көкейімізде жүрген сауалдарды қойдық:

– Бөлімше бойынша қанша маман жұмыс жасайды?

– Бізде 11 дәрігер еңбек етеді. Оның екеуі анестезиолог-реанимтор, 1-і қашықтан жұмыс жасайтын кеңесші. Жұқпалы аурулар дәрігері жетіспейді. Жоғары білімді, білікті Ислам Абулхайыров, Алена Палиева, Николай Сутырин, Мейрамбек Саясатов сынды жақсы дәрігерлеріміз бар. Бәрі де жергілікті жерден.  

– Індетті емдеуде қандай дәрілерді қолданып отырсыздар? Бөлімшедегі кезекшілік жайлы айтып өтсеңіз?

– Антибиотиктер, антикоагулянттар, антиагреганттар және гармоний пайдаланамыз. Бізге келгендердің денсаулығын тексеру кезінде қосымша дерттері де табылады. Соған сай қосымша емдер тағайындалады. Тұрақты түрде алты дәрігер жүреді. Кешке іште кезекші дәрігерлер қалады.

emkhanany-aralau1

– Дәрі-дәрмектер, арнайы киімдер жеткілікті ме?

– Бұрын өкпені жасанды желдету аппараттарын қолданып келді ғой. Оттегі баллондарын тасу да қиындық туғызатын. Жаңа ауруханада оттегі орталықтандырылған түрде келеді. Концентраторлар көп қолданылмайды. Дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ, қажетті мөлшерде келіп жатыр. Арнайы киімдердің екі түрі бар. Бір рет пайдаланылатын түрі  қолданылғаннан кейін өртеледі. Көп реттігі кері өңделеді.  

– Ауданымыз бойынша ахуал қандай деңгейде? Індет белгілері байқалған адамдар сіздерге өздері шыға ма?

– Қазір тұрақты деп айтуға болады. Күніне 2-3 адам түседі. Ең өршіген мезгілі өткен жылдың желтоқсан айы мен биылғы қаңтар айының бас жағы. Күніне 5-9 адамнан келіп отырды. Екі айда 105 адам сауықты. Көбі үйлерінде жүріп қалады немесе таныстарының айтуымен өз беттерінше емделеді. Сөйтіп уақытты өткізіп алады. Ақыры олай еткен нәтиже бермейтінін түсінгеннен кейін осында келеді. Алдымен учаскелік дәрігерлерге барады, олар бізге хабарласады.

Бүгінде бөлімшемізге қажет болып отырған құрал ол – компьютерлік томография аппараты. Осы құрал жетіспейді. Рентген ковидтік пневмонияны көрсете алмайды. Оған түсіріп жібергеннен кейін бір-екі күнде өкпеде өзгеріс болуы мүмкін. Компьютерлік томография аппараты пневмонияның екі немесе бір жақты екенін 30 пайыз көрсетеді.

emkhana-aralau2

 

Жалғасын "Серпер" газетінен оқи аласыздар

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521