Ауданаралық әділет басқармасы болып құрылды

(0 Votes)

2019 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде ҚР Әділет министрлігінің аумақтық органдары мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылды.

Осыған орай ағымдағы жылдың 29 қаңтарынан бастап Исатай аудандық әділет басқармасын қосу жолымен, Құрманғазы ауданаралық әділет басқармасы құрылды. Басқарма қызметкерлері арасында қызметтік этика мен әдеп стандарттарын сақтауы, мемлекеттік қызмет көрсетуі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы, ішкі тәртіп пен іскерлік киім кию талабын орындауы бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Адалдығы пен әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы әрбір мемлекеттік қызметкерге міндеттелді.

Жан-жақты дамыған тұлға ретінде үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын есте сақтауы, жұмыстан тыс уақытта да өз іс-әрекеті мен мінез-құлығына жауаптылығы ескертілді. Мемлекеттік қызметшінің абырой-беделіне нұқсан келтірмеуі мақсатында әлеуметтік желіні пайдаланған кезде басқа қолданушыларға сыпайылық танытуы, өз парақшасында құпия немесе жабық ақпараттарды жарияламауы, қазіргі конституциялық құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын желі қолданушыларын достар тізіміне қабылдамауы түсіндірілді.

А.ДАРҒОЖИНА,

Құрманғазы ауданаралық әділет басқармасы басшысы

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21