Аудан жастарының да айтары бар

(0 Votes)

Аудан жастары атынан сөз алған Ернар Боранғалиев ауыл-ауылдарға жабық типтегі спорт кешендерін, жас туристер бекетіне заманауи машықтану алаңдарын салу мәселесін көтерді.

Құрманғазы ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Қадірбай Жармұханбетов мал ұрлығын ауыр қылмыстар қатарына жатқызылуын құптаса, прокуратура саласының ардагері Ғизатолла Мүрсәлиев қажеттілігі туындап отырған болашақта қабылданатын заңдардың барын қаперге берді. Медицина саласының ардагері Сағидолла Кулов мұғалімдер сияқты дәрігерлердің де мәртебесі ескерілсе деген ойымен бөлісті.

Айтылған ұсыныс-өтініштерді мұқият тыңдаған халық қалаулылары кейбіріне сол бойда жауаптарын берсе, үкіметтік деңгейде шешілетіндіктерін қаперлеріне алып, жұмыстанатындықтарын жеткізді. Жиынды аудан әкімі Қайрат Нұртаев қорытындылап, қабылданған заңдарға түсініктерін бергені үшін Сенат және Мәжіліс депутаттарына аудан тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521