Аудан орталығы тұрғындарымен кездесті

(0 Votes)

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің іссапары Құрманғазы ауылы тұрғындарымен кездесуімен жалғасты.

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткен жиынды аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов ашып, алғы сөзді аймақ басшысы Серік Жамбылұлына берді.

img_2622

Облыс әкімі С.Шәпкенов аудан көлемінде өткен жылдары басталып, алдағы уақытта аяқталатын жұмыстарға тоқталды. Олардың қатарында Мақаш ауылдық округінің Алға, Қарақұл, Голбин, Көкарна елді мекендерінің ауылішілік су желісі, Бұзаусылан өзегі арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі, Жыланды-Шортанбай елді мекендерін қосатын жаяу жүргіншілер көпірі, Құрманғазы, Жұмекен ауылындағы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдар, «Астрахань-Манғышлақ» бас су сорғысынан Құрманғазы су тазарту қондырғысына дейін су құбыры желісі, «Құрманғазы-Приморье-Бірлік-Котяев» автомобиль жолы, Шортанбай мәдениет үйіне күрделі жөндеу, Нұржау ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары аталды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы басталатын құрылыстар, жұмыстары жалғасатын нысандар жайынан хабардар етті.

img_2623

Бұдан соң жиынға қатысушылармен ашық форматта диалог түрінде дидарласты. Еңбек ардагерлері Өмірзақ Қажымғалиев, Қадірбай Жармұханбетов, Ұзақбай Жәдіғұлов, Жібек Қисымова, Гүлмара Бермұханова, қоғам белсендісі Бекболат Зинеденов, мәслихат депутаты Бержан Кенжебаев, жеке кәсіпкерлер Серік Баязитов, Мирғали Ғабдушев, Сатқан Қалиев, басқа да жекелеген азаматтар ашық ойларымен бөлісіп, сұрақтарын қойды.

img_2642

Қойылған сауалдарға облыс әкімі С.Шәпкенов тыңғылықты жауабын берді. Мәселеге орай аудан әкімі Марат Мурзиев те толықтырып кетті.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT