Аудан әкімінің міндетін атқарушы БАҚ өкілдерін қабылдады

(0 Votes)

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудан әкімі міндетін атқарушы Нұрлыбек Қалиев аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газеті редакциясы ұжымын қабылдады.

«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген Міржақып Дулатовтың сөзін алға тартқан аудан әкімі міндетін атқарушы Нұрлыбек Қалиев ауданның тыныс-тіршілігін үнемі назарда ұстап, орын алып жатқан оқиғалар желісін тұрақты жариялауға ат салысып жүрген редакция ұжымына алғысын білдірді.

Кәсіби мерекемен құттықтау тілегін жеткізіп, сала ардагерлері Таңатар Дәрелов, Асқар Ғұмаров, Мадат Сәрсекеевке «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директоры Жасын Біркеновтың және аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, редакцияның жарнама менеджері Ақмарал Оразғалиеваға Атырау облыстық Бас редакторлар клубының төрағасы Жанай Амантурлиннің Алғыс хатын, II дәрежелі тілші Еркеназ Қалижанға «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директоры Жасын Біркеновтың Алғыс хатын ұсынды. Бас редактор Айнагүл Шакупова бастаған ұжым мүшелерін аудан әкімінің Алғыс хаты мен естелік сыйлықтармен ұлығылады.

Ардагер журналист Таңатар Дәрелов пен бас редактор Айнагүл Шакупова кәсіби мерекеге орай көрсетілген құрметке ризашылығын кестелі сөзбен өрнектеді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT