Аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобының жиыны өтті

(0 Votes)
Аудан әкімінің орынбасары А.Муратовтың төрағалығымен аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ету бойынша ауылдық округ әкімдері, аудандық Мемлекеттік кірістер Басқармасы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Құрманғазы аудандық филиалы, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі, аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің қатысуымен жиын өтті.
 
​Күн тәртібінде аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә.Рахимов аудан бойынша салық түсімдерінің орындалысы, қалыптасып отырған салықтық берешектердің, олар бойынша атқарылған жұмыстар бойынша хабарлама жасады.
 
 
​2024 жылдың қорытындысы бойынша аудан және ауылдық округтердің кірістері толықтай орындалған болатын. Алайда, қазіргі уақытта жеке тұлғалардың көлік салығына берешектері әлі де өндірілмей отыр.
 
​Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің орналастырылған жарнамалары бойынша бюджетке салық түспей отырғанын жеткізді.
 
​Штаб мүшелерінің тарапынан аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылып, қаперге алынды.
 
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары А.Муратов штаб мүшелеріне салығы төленбеген автокөліктердің тізімін жасақтау, салығы төленбеген автокөліктердің иелеріне ескерту жасап, салықтарын төлету жұмыстарын ұйымдастыруды, қосымша салық көздерін анықтау бойынша ұсыныстар енгізуді, жеке кәсіпкерлердің орналастырылған жарнамаларына рейд шараларын жүргізуді, орталық көшелерде заңсыз орналастырылған дүңгіршіктерге қатысты тиісті шешім қабылдауды, такси қызметімен айналысып жүрген ауыл тұрғындарына такси қызметімен заңды жеке кәсіпкер ретінде айналысуға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT