Аудан атын асқақтатты

(0 Votes)

Аудандық оқушылар үйінің базасында әлеуметтік идеяларды іріктеу, озық тәжірибелерді анықтау және тарату мақсатында ұйымдастырылған «Үздік еріктілер клубы» байқауының аудандық кезеңі онлайн-платформада өткізілген болатын.

Бұл форумға өңірге қарасты 10 мектептің оқушылары қатысты. Нәтижесінде, орыс тілінде білім беретін мектеп арасынан М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің аға-тәлімгерінің жетекшілік етуімен жүлделі 1-орынды «Движение Алаш» еріктілер тобы иемденіп, облыстық байқауға жолдама алған болатын. Үш сайыстан құралған ІІ-кезеңде волонтерлар қатарынан оқ бойы оза шапты. Олар «Есімхат карточкалары» конкурсында өздерін және ауданын таныстырып, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында әлеуметтік ролик ұсынды.

Ал, «Туған елім-мақтанышым» атты сайыстың 3-кезеңінде жерлесіміз, даңқты правитель Мақаш Бекмұхамедов туралы волонтерлік жобасын қорғап, төрешілерден үздік деген баға алды. Байқауды қорытындылай келе, Құрманғазыдан шыққан ломоносовтықтар облыстан І-орын алып, ауданымыздың атын асқақтатты. Қанжығалы қайтқан оқушыларымызды жеңісімен құттықтап, шабыттарының шыңдала беруіне тілектеспіз.

Шырақбаева Назерке Шырақбайқызы, 

М. В. Ломоносов атындағы жалпы орта

мектебінің аға-тәлімгері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521