Ауданға гемодиализ орталығы қажет

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың есебінде денсаулық сақтау саласы бойынша ауданымызға гемодиализ орталығы қажеттігі айтылды.

Денсаулық саласында негізгі көрсеткіштің бірі - ана мен бала өлімі, аудан бойынша мұндай жағдай тіркелген жоқ. 7 сәби өлімі орын алды, алғашқы туберкулезбен аурушылық алдыңғы жылмен салыстырғанда бірдей деңгейді сақтап отыр (2018 жылы-47, 2019жылы -47). Аудан бойынша 2019 жылдың 11 айында флюорографиялық тексеруге жоспарланған 21604 адамның 20554 – і өтіп, 95,1% құрады. Бүгінде ауданымызда 70 дәрігер, 346 орта буын медицина қызметкерлері еңбек етеді. Аудандық емдеу-сауықтыру мекемелері орта буын медицина қызметкерлерімен толық қамтылған. 2019 жылы 10 жоғары, 3 орта буын медицина қызметкері жұмысқа қабылданды. Қазіргі таңда аталмыш салаға 4 дәрігер жетіспейді. Сол сияқты күні бүгін аудандық компьютерлік томография, гемодиализ орталығы қажет. Өйткені 18 мүгедек жан облыс орталығына барып ем алып жүр.

Бүйрегін тазалату үшін аптасына 2-3 реттен баруға мәжбүр. Балқұдық, Сүйіндік, Азғыр ауылдық округтеріне жас мамандарды тарту үшін әлеуметтік пакет қаралса қыр бойына жастар тұрақтар еді. Бүгінде медицина кадрларын өңірге тарту, оларды тұрақтандыру бағытында аудан әкімдігі жас дәрігерлерді тұрғын үймен қамтып келеді. Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 214,3 млн теңге бөлініп, автокөлік, генератор, медициналық құрылғылар сатып алынды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521