Атыраулық дәрігерлер Құрманғазы ауданының шалғай ауылдарын аралауда

(0 Votes)

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Абдуалиев Қайсар Қайратұлы бастап апарған облыстық бейінді мамандар бригадасының құрамында акушер-гинеколог, невропатолог, дермотолог, ЛОР, гастроэнтиролог, аллерголог, педиатр мамандары бар, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз қызметі. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Азғыр өңіріне іссапар аясында дәрігерлік бригада Үштаған , Асан, Балқұдық, Сүйіндік ауылдарын аралап, медициналық кеңес береді. Облыстың бас дәрігері бастаған топты Үштаған және Асан ауылына аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов бастап барды.

Үштаған елді мекенінде қазіргі таңда 800-ден астам тұрғын мекендеуде. Арнайы келген дәрігерлердің кеңесіне отызға жуық адам жүгінді.

Ауыл тұрғындары бұндай бейінді мамандардың шалғай мекендерге келуінің арқасында ауылдан алысқа ұзамай-ақ медициналық қызмет, кеңесті алуға қолайлы мүмкіндік туғанын алға тартуда.

Айта кетейік, дәрігерлік бригада жұмыстары әрі қарай Сүйіндік, Балқұдық ауылдарында жалғасын табады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT