Атыраулықтар паралимпиада ойындарында алтыншы орынға ие болды

(0 Votes)

12-17 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында ҚР V Паралимпиада ойындары өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еліміздің 17 өңірі өзара мықтыны анықтаған төртжылдықтың бәсекесінде Атырау облысы құрамасы 22 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен алтыншы орынға ие болды.

c388fd75-ba7f-4d82-b311-d7ca67174884

Cпорттың жеті түрі бойынша өткен додада 53 жерлесіміз бақ сынады. Отырып ойнау волейболы командасы 13 құрама арасынан үздік шықты.

bec798e1-e403-47fb-9548-41355e3fd030

Парадзюдошыларымыз да еліміз бойынша мықты екендерін дәлелдеп, 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен бірінші орын алды. Үстел үсті теннисі командасы 6 алтын және 1 күміс медальмен көш бастады.

4e13a9c2-0590-4f7c-8edf-b363ce89b3fd

Жеңіл атлетика, мылтық ату, жүзу секілді спорт түрлерінен де облыс спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21