АТЫРАУДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Рейтинг: 0 / 5

1 қазаннан бастап қаланың әлеуметтік мекемелеріне жылу жүргізілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен сейсенбіде, «Атырау жылу желілері» АҚ жылу маусымының басталғанын мәлімдеді.

Кәсіпорынның хабарламасына сәйкес, жылу мектептерде, балабақшаларда, медициналық, сот нысандарында, әкімшілікте, мәдени орталықтарда және басқа да ұйымдарда жүргізілетін болады.

Айта кетейік, жылу маусымының ресми түрде басталуы 3-5 тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8°С болуымен есептеледі. Атырау облысы әкімінің 2019 жылғы 21 мамырдағы №104 қаулысына сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарда жылу беру 1 қазаннан, тұрғын үйлерде 15 қазаннан басталады.

- «Атырау жылу желілері» АҚ ПИК-нің жазбаша өтініші бойынша, пәтер иеленуші кооперативтерде, өзге де басқару құрылымдары жоқ үйлерде, шаруашылық субьектілірінде тұрғындардың келісімімен жылытуды белгіленген межесінен ертерек бастауға дайын, - делінген кәсіпорын хабарламасында.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:дереккөз

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика