Атырауда жаһандық маңызы бар фотокөрме ашылды

(0 Votes)

Бүгін Атырауда  «Жайықты сақтап қалайық» атты фотокөрменің  салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараны әлемге әйгілі  «National Geographic Qazaqstan» журналы мен «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ ұйымдастырды.  Фотокөрме  Жайық өзенінің бүгінгі күрделі мәселелерін қоғам болып  талқыға салу мақсатында ұйымдастырылған. Осы бағытта биыл  «National Geographic Qazaqstan» журналының өкілдері Атырау облысына арнайы экспедициямен келген болатын.

«Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ атқарушы директоры Меллят  Карабалиннің айтуынша,  осындай игі шаралар арқылы  Жайық өзені бойындағы аң-құстардың  мүлдем жойылып кетуінің алдын алуға болады.

- Осыған дейін, 6-12 қыркүйек аралығында  экспедиция мүшелері  Жайықтың Батыс Қазақстан облысы шекарасынан бастап, Атырау облысы аумағындағы Каспий теңізіне құйылатын тұсына дейінгі бөлігін аралаған болатын. Міне, бүгінгі фотокөрме -  сол зерттеу мен зерделеудің көрінісі, - дейді Меллят Карабалин.

Айта кетейік, фотокөрмеде шетелдік және отандық фотографтардың  30 экспозициясы ұсынылды. Игі бастаманы Атырау тұрғындары мен қонақтары 24 желтоқсаннан бастап 20 күн бойы «BAIZAAR» сауда ойын-сауық орталығының 1 қабатында тамашалай алады.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21