Атырауда денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Рейтинг: 0 / 5

30 желтоқсанда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыс активін өткізіп, денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімінің бұйрығымен денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Байтолла Ғазизов тағайындалды.

bajtolla3

- Өткізілген конкурс қорытындысымен Байтолла Закарьяұлы Ғазизов денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Медицина саласындағы тәжірибелі маман. Аудандық, облыстық деңгейде түрлі басшылық қызметтер атқарды. Кәсіби, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Оның басшылығымен өңірдегі денсаулық сақтау саласы жаңа серпін алады деген сенімдемін. Алда ел игілігі үшін атқаратын көп жұмыс күтіп тұр, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

bajtolla1

Байтолла Ғазизов облыс басшысын өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелерді шешуге бар күш-жігері мен тәжірибесін салатынына сендірді. Б.Ғазизов - жоғары білімді, Ақтөбе мемлекеттік медицина университетін бітірген. Еңбек жолын Атырау облыстық ауруханасында дәрігерліктен бастаған.

bajtolla2

Индер, Құрманғазы аудандарында отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда жұмыс істеген. Туберкулезге қарсы ауруханада, кейін Құрманғазы аудандық ауруханасында бас дәрігер болды. Медициналық және фармацевтік қызметтерді бақылау Комитетінің Атырау облысындағы департаментін басқарды. Б.Ғазизов бүгінге дейін әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика