Атырауда бірлескен штабтық жаттығулар өтуде

Рейтинг: 0 / 5

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Алдияровтың басшылығымен өңірлік қолбасшылықтың қарамағындағы әскери бөлімдердің басқару органдарымен бірлескен штабтық жаттығулар өткізілуде.

Жаттығу барысына Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның Атырау гарнизоны бойынша жедел топтары да тартылды. Басқармалардың жедел топтары мен қызметтердің жедел құрамы, сонымен қоса өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің жеке құрамы жылжымалы командалық пункттерге шығарылды. Олар іс жүзінде әскерлерді жауынгерлік дайындықтың жоғарғы деңгейіне келтіру және маскировка жасау мәселелерін пысықтады. Әскери бөлімдердің командалық-басқару органдарымен ағымдағы жағдай туралы деректерді жинау және талдау, шешім қабылдау, ұрыс қимылдарын жоспарлау, бағынысты бөлімшелерге жауынгерлік тапсырмаларды жеткізу, әскерлерді үздіксіз бақылауды және жан-жақты қолдауды ұйымдастырудағы жұмыстары тексерілді.

«Бірлескен штабтық дайындықтың негізгі міндеттері арнайы әскери операцияны басқару және басқару органдарының тәжірибелік деңгейін шыңдау болды. Жаттығу соңында қатысушылар әскерді тиімді пайдалану бойынша қажет дағдылар алды», - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жедел қызметінің бастығы полковник Талғат Кенжетаев. Жалпы штабтық оқу-жаттығулар офицерлердің әр түрлі қарқындылықтағы қақтығыстарда ұрыс қимылдарын ұйымдастырудағы кәсіби дайындығының ажырамас бөлігі болып табылады.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика