Атырауда балаларға арналған велоорталық ашылды

Рейтинг: 0 / 5

ҚазАқпарат - Атырауда балаларға арналған велоорталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиевтің айтуынша, Нұрсая шағынауданындағы №48 үйдің астынан ашылған велоорталықтың құрылысы толықтай аяқталып, алғашқы даярлық тобына балалар қабылданды.

Қазіргі таңда 10-15 жас аралығындағы 30-дан астам бала жаттығуларға кірісіп кетті. Ол үшін Талдықорған қаласынан арнайы білікті жаттықтырушы Ербол Бедербеков шақыртылған. Оқу-жаттығу велотренажерларда өткізіледі. Бүгінде демеушілердің көмегімен «Venu» маркалы 50 тренажер сатып алынған.

«Жаңа орталық болашақ Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін дайындап шығатын »чемпиондар шеберханасына« айналатынына сенемін. Қазіргі таңда балалар үшін қажетті жағдайлар толықтай жасалған», - дейді Спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

Айта кету керек, алдағы уақытта Бейбарыс, Құрманғазы, Амандосов көшелерінде жалпы ұзындығы 24 шақырымды құрайтын веложол төселеді деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика