Атырауда дзюдодан паралимпиада чемпионатының ашылу салтанаты өтті

(0 Votes)

 6 қыркүйекте облыс орталығындағы "Атырау" спорт кешенінде дзюдодан паралимпиада чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараны Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

a553813b-9cfe-4ca3-89ad-ee2af8ae58b3

Сондай-ақ, Халықаралық дзюдо федерациясының төрағасы, Халықаралық зағиптар ассоцациясының Азия және Мұхит елдері спорттық комиссары сөз сөйледі.

24e5c225-49db-4fc7-bc71-c5c392a50542

ff0bed05-d686-44b9-be49-9771c75d29cd

- Бүгінгі додаға түскелі отырған спортшыларға айырықша ризашылығымды білдіремін. Болмысындағы ерекшеліктеріне қарамастан, халықаралық деңгейде еліміздің намысын қорғауда. Осындай күш-қуат, жігерлеріңіздің әрі қарай да шыңдалуын, "жетістікке жетемін" деген ниеттеріңіздің орындалуын тілеймін,- деді Атырау облысының әкімі Н.Н.Асқарұлы спортшыларға ізгі ниетін білдіре отырып.

0a40b1fd-71d6-4a64-90e5-7ca9ad6b0241

894faeba-6dce-47cf-9980-99a661efe18a

Айта кетейік, байрақты бәсекеде Австралия, Қытай, Индонезия, Үндістан, Иран, Жапония, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Тайланд, Өзбекстан және елімізден 150 спортшы бақ сынасатын болады.

8

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521