Атырауда автокөліктің ашық қалып қойған жүксалғышынан қару табылды

Рейтинг: 0 / 5

ҚазАқпарат – Атыраудың полицейлері көліктің ашық жатқан жүксалғышында қару қалдырып кеткен жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін түнде 102 операторының пультіне қоңырау түсті. Ер адам тұрғын үйлердің бірінің ауласында жүксалғышы ашық жатқан қара көліктің тұрғанын хабарлап айтты. Оның ішінде көптеген қару болған. Оқиға орнына шұғыл түрде жақын маңдағы полиция жасағы жіберілді. Бірнеше минуттан кейін көлікті ЖҚАЖ сабраздары мен патрульдік полицейдің 3 жасағы қоршап алды», - деп мәлім етті өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі.

Полицейлердің сөзінен белгілі болғандай, «Тойота» маркалы автокөлігінің ашық жатқан жүксалғышынан байқатпайтын түстегі рюкзак пен қаруға арналған тысқап табылған. Оқиға орнына шұғыл түрде жеткен қаруды лицензиялау мен бақылау тобы автокөліктің жүксалғышында «МР 153» маркалы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен пейнтболға арналған қару жатқанын анықтады.

«Автокөліктің иесін полиция бірнеше минуттың ішінде тапты. Қарудың жоғалып кетуі мүмкін болған дәл осындай қорқынышты жағдайға ұқыпсыз автокөлік иесі себеп болған. Тегіс ұңғылы мылтықтың барлық құжаттары түгел. Сонымен қатар автокөлік иесі ҚР аңшылар қауымдастығының мүшесі болып шықты. Ер адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 42 жастағы көлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484- бабы 1-бөліміне сәйкес қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін хаттама толтырылды», - деп мәлім етті өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика