Атырауда ауа сапасы нашарлайды

(0 Votes)

Бүгін еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай жағымды болады.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады. Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Атырау қаласында болжанады.

Қазақстанның өзге қалаларында ауа сапасының нашарлауы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

BAQ.KZ

Фото: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521